На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Тексеру комиссиясының құрамы

Құтжанова Айгүл Есентайқызы
Құтжанова Айгүл Есентайқызы

1969 жылы 4 мамыр күні дүниеге келген. Екі жоғары білім бар: экономикалық және заңгерлік.
Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарда, Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің бастығы, Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржы сақшысы ІІІ дәрежелі» медалімен марапатталған.
«А» корпусының кадрлық резервіне енгізілгеннен кейін 2016 жылдың 28 сәуір айында Қарағанды облыстық мәслихатының ІІ сессиясының шешімімен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған.


Садықов Айдос Қабдуахитұлы
Садықов Айдос Қабдуахитұлы

1970 жылы 8 ақпан күні дүниеге келген. Екі жоғары білім бар: экономикалық және заңгерлік.
Еңбек жолын Семей облысының Чар ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған, Шығыс-Қазақстан облысы бойынша салық органдарында басшы қызметтерінде, Шығыс-Қазақстан облысы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі департаментінің басшысы, Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып қызмет атқарған.
«А» корпусының кадрлық резервіне енгізілгеннен кейін 2016 жылдың 28 сәуір айында Қарағанды облыстық мәслихатының ІІ сессиясының шешімімен алмастыру тәртібінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған.


Таханов Аян Борисович
Таханов Аян Борисович

Таханов Аян Борисович, 1977 жылы туған, 2 жоғары білімі бар, 1998 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша, 2010 жылы құқықтану мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының магистрі, мемлекеттік қызметтегі өтілі – 15 жылдан астам.
А.Б. Таханов еңбек жолын 1998 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және менеджмент кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Бұқар жырау аудыны бойынша, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша және Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармаларында, жеке меншік мекемелерінде басшылық лауазымдарда, сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінде, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, тағайындауға дейін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы бөлімдерінің басшысы лауазымдарында қызметін атқарған.
Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті ХIV сессиясының 2018 жылғы 29 наурыздағы шешімімен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.


Александрова Валентина Федоровна
Александрова Валентина Федоровна

Александрова Валентина Федоровна, 1963 жылы туған, жоғары экономикалық білімі бар, 1985 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.
30 жылдан астам мемлекеттік қызметте.
В.Ф.Александрова, еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды облыстық қаржы бөлімі штаттар бөлімінің аға экономисті лауазымында бастады.
1988 жылдан 1992 жыл аралығында  -  Қарағанды облыстық бақылау-тексеру басқармасының  бақылаушы – тексерушісі, аға бақылаушы – ревизор.
1992 жылдан 2008 жыл аралығында Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау басқармасының (Инспекциясының) -  аға, бас бақылаушы – тексеруші, бөлім бастығы.
2008 жылдан 2011 жыл аралығында -  Қарағанды облысының қазынашылық департаментінің ішкі бақылау басқармасының бастығы.
2011 жылғы 24 қазаннан Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясына талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмысқа қабылданды. 2016 жылдың маусымынан  2017 жылдың қарашасына дейін аппарат басшысы лауазымында қызметін атқарды.
Еңбек қызметінің кезеңінде III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамоталарымен наградталған.
2017 жылғы 9 ақпанда В.Ф. Александрова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясымен мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылды.
Қарағанды облыстық мәслихатының ХІ сессиясының 2017 жылғы 3 қарашадағы шешімімен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.


Беттер: 1
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz