На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат


2019 жылғы 2 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына, жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімімен тізім жасау және журнал, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкасын толтыру арқылы іске асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке бастың мәселелері жөнінде тексеру комиссиясы басшылығының 2019 жылғы 2 тоқсанда қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде «Орталық Қазақстан» Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы 02 ақпандағы №34 (22630) санында және  «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің 2019 жылғы 02 ақпандағы №34 санында (22438) жарияланған.
2019 жылғы 2 тоқсанда жеке қабылдауға азаматтар жүгінген жоқ.
Жеке тұлғалардан 4 жазбаша өтініш түсті:
- Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің тұрғындарынан, сапасыз жылытуға қатысты, Қарағанды облысы әкімінің аппаратына жолданды;
- азамат Г.А. Бактыбаевадан, Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі үш мектептің шатырын ауыстыру сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін құрылысшы-маманды жіберуге қатысты – түсініктеме берілді;
- азамат Ю.М. Пономаревтан, «ЦСК НС» ЖШС іс-әрекетіне қатысты – түсініктеме берілді;
- азаматша В.С. Хромовадан, кондоминиум объектісіне күрделі жөндеу жүргізу бөлігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне тексеру жүргізуге қатысты, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.
Заңды тұлғалардан 1 жазбаша өтініш түсті:
- "INTERIA LLP" ЖШС-дан кілемдер мен кілем бұйымдарын көтерме-бөлшек жеткізуші ретінде коммерциялық ұсыныспен – түсініктеме берілді.
Қала әкімдігі ғимаратының 1 қабатында рұқсаттама бюросы жағынан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшік орнатылған.
Барлық өтініштер мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте олардың мәліметтерін көрсету үшін есептік деректерді енгізу жолымен келіп түскен күні ЭҚАЖ-да тіркеледі.


Ақпараттың соңғы түзетілуі: 28 Маусым 2019 16:35
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz