На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат


2019 жылдың 9 айындағы атқарушылық тәртіптің жай-күйі,

іс жүргізуді және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

жұмысты ұйымдастыру туралы ақпарат.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына және жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімімен тізім жасау және журналды, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкаларын толтыру жолымен жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы басшылығының 2019 жылдың 3 тоқсанына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси «Орталық Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 02 шілдедегі № 71(22667) санында және облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің 2019 жылғы 02 шілдедегі № 71(22475) санында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.

2019 жылдың 9 айында азаматтар жеке қабылдауға жүгінген жоқ.

Жеке тұлғалардан 6 жазбаша өтініш түсті:

– Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің тұрғындарынан, Қарағанды облысы әкімінің аппаратына қайта жолданған сапасыз жылуға қатысты;

- азамат Г.А. Бақтыбаевтан, Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі үш мектептің шатырын ауыстыру сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін құрылысшы – маманды жіберуге қатысты – түсініктеме берілді.

- азамат Ю.М. Пономарёвтан, «ЦСК НС» ЖШС іс-әрекетіне қатысты,– түсініктеме берілді.

- азаматша В.С. Хромовадан, кондоминиум объектісіне күрделі жөндеу жүргізу бөлігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне тексеру жүргізуге қатысты, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қайта жолданды.

- азамат А.Ш. Искаковтан, «Балқаш қ. Медициналық колледжі» КМҚК лауазымды тұлғаларының тарапынан жасалған заңсыз іс-әрекеттерге қатысты, сәйкес тексеріс жүргізу үшін.

- азаматша А.С. Нұрсұлтановадан, бүйрек қатерлі ісігіне шалдыққан  күйеуі  А.С. Нұрсұлтановқа көмек көрсету туралы өтінішке  қатысты – түсініктеме берілді.

Заңды тұлғалардан 4 жазбаша өтініш түсті:

- «INTERIA LLP» ЖШС-дан кілемдер мен кілем бұйымдарын көтерме-бөлшек жеткізуші ретінде коммерциялық ұсыныспен, – түсініктеме берілді.

- «ОСК НС» ЖШС-дан «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нен (бұдан әрі – Мекеме) алынған жобалау-сметалық құжаттаманың, Мекеме «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» ЖШС 10.10.2018 жылғы №060140010714/180140/00 шарт бойынша ақша қаражатын төлеген 2018 жылдың 4 тоқсанына және 2019 жылдың 1 тоқсанына орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің көшірмелерін ұсынуға және «М8 жылу магистралін қайта жаңарту. Пришахтинск. Қарағанды қаласы» объектісі бойынша «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» ЖШС және «Центрстрой-комплект НС» ЖШС жұмыстарын орындау мәніне қатысты, құжаттарды беру мүмкіндігінің жоқтығы туралы түсініктеме берілді.

- РІА «Курсив» ЖШС-дан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың мемлекеттік аудит қорытындылары туралы материалдарды ұсынуға қатысты, қанағаттандырылды;

- «ТехСтройСнаб» ЖШС-дан "Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ және "ENVICON-A" ЖШС арасында жасалған авторлық қадағалау бойынша қызметтерге 19.07.2018 жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында тексеру жүргізуге қатысты, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қайта жолданды.

Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының 1 қабатында ғимаратқа кіре берісте тексеру комиссиясы басшылығының жеке мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі және өтініштер мен шағымдарға арналған жәшік орналастырылған.

Барлық өтініштер мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте олардың мәліметтерін көрсету үшін есептік деректерді енгізу жолымен келіп түскен күні ЭҚАЖ-да тіркеледі.


Ақпараттың соңғы түзетілуі: 03 Қазан 2019 16:38
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz