На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




Пресс – релиз


2021 жылғы 21 сәуірде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарына және олардың ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 142 855,4 мың теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар және 32 рәсімдік бұзушылықтар, кемшіліктер анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 69 267,9 мың теңге өтелді және 2 813 172,4 мың теңге қалпына келтірілді. Өтеуге жататын қалдық 260 415,1 мың теңге, қалпына келтіруге-415,5 мың теңге.

Аудиторлық іс - шараның қорытындылары анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер нормативтік-құқықтық актілерді сақтамаудың, аудит объектілерінің басшылығы тарапынан тиісті және тұрақты бақылаудың болмауының салдары болып табылатынын көрсетті, бұл бюджет қаражатын негізді және нәтижелі пайдалануды, жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыруды қамтамасыз етуде тәуекелдер тудырады.

Аудиттің 3 нысаны бойынша Қаржылық бақылау шараларын қабылдау мақсатында Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын; бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті бұзу фактілері бойынша) және Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына (жобалау-сметалық құжаттамасыз жұмыстарды жүзеге асыру бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын сақтамау фактілері бойынша) материалдар жолданды.

Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарына және олардың ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаттарына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат Қарағанды қаласының әкіміне жолданды.

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 12 Мамыр 2021


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz