На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




Баспасөз хабарламасы


2020 жылғы 24 желтоқсанда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алудың, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудит қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында келесі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:

- салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау жоспарлы көлемдердің қасақана төмендеуінен пессимистік болжамның жеткілікті екенін көрсетті, соның салдарынан өңірлер бюджеті жыл сайын асыра орындалуда;

- бюджеттің бірқатар салық түрлері бойынша атқарылуы кезінде салық төлеушілердің аванс ретінде ақшалай қаражат беруі есебінен жоспарды орындау тәжірибесі қалыптасқан, сол арқылы есепті кезеңдегі түсімдер сомасын асырып жіберу және кейінгі жылдарға арналған табысты қалыптастыруға деректерді бұрмалауға алып келеді;

- бересі көлемінің сақталуы қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін және салық органдары үшін басым және өзекті болуы тиіс салық түсімдерін әкімшілендірудің экономикалық әсерінің төмендігін айғақтайды;

- уәкілетті органдардың салық салу базасы бойынша деректерді толық ұсынбауы, көлік құралдары бойынша бұрмаланған деректерді ұсынуы, салықты есептемеуі және уақтылы есептемеуі, салық мөлшерлемелерін дұрыс қолданбауы, сондай-ақ жекелеген салық төлеушілердің салық есептілігін ұсынбауы жалпы сомасы 54 583,3 мың теңгеге жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етпеді;

- салықтық әкімшілендіруді талдау салық заңнамасының талаптарын орындамаған салық төлеушілерге толық шаралар қабылдамауды, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартпауды көрсетті.

Аудит нәтижелері бойынша аудитке ұшыраған Басқармалар мекен-жайларына нұсқамалар жолданды.

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 28 Ақпан 2021


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz