На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




Баспасөз хабарламасы


2020 жылғы 24 желтоқсанда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды облысының жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ауылдық округтері мен кенттерінің дамуына әсері, бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары шығарылды.

Отырыс барысында ауылдық (кенттік) әкімдердің жүктелген құзыреттерді іске асыруы, азаматтарды жергілікті даму мәселелерін талқылау процесіне тарту, қабылданатын басқарушылық шешімдердің ашықтығы, дербес бюджеттерді әзірлеу және орындау ауылдық елді мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу, көшелерді жарықтандыру, санитарлық жағдайды жақсарту, тұрғын үй қорын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі бірқатар проблемаларын шешуге ықпал еткені атап өтілді.

Сонымен бірге, ЖӨБ бюджеттерінің кіріс бөлігін қалыптастыру негізінен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен әкімдердің өз кірістерінің өсу резервтерін іздестіруге мүдделілігін төмендетеді, төртінші деңгейдегі бюджеттерге бағытталатын салықтық және салықтық емес түсімдер түрлерін заңнамалық кеңейтуді талап етеді.

2020 жылдан бастап халқының саны 2000 адамнан кем өңірдің 155 елді мекенінде (олардың 53% –ы 1000-нан 100-ге дейін адам тұрады) дербес бюджетті ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, кәсіби кадрлардың тапшылығы жағдайында енгізу бюджет қаражатын негізделген және нәтижелі пайдалануды, төртінші деңгейдегі бюджеттердің тиімді атқарылуын және жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруды қамтамасыз етуде айтарлықтай тәуекелдер тудырады.

Ауылдық (кенттік) әкімдіктердің кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, бухгалтерлер мен экономикалық қызметкерлердің бюджетті қалыптастыру және атқару, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу саласында қажетті кәсіби білімі мен тәжірибесінің болмауы жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері болып қала береді.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша 6 объект бойынша материалдар лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне; 2-ші объект бойынша-Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне жіберілді

 

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 28 Ақпан 2021


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz