На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




«Денсаулық сақтау жүйесінің коронавирустық инфекциясымен күресті қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы»


Мемлекет басшысының 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына мониторинг және бақылауды қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты 7 ұйымында денсаулық сақтау жүйесінің коронавирустық инфекциясымен күресті қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Денсаулық сақтау жүйесінің коронавирустық инфекциясымен күресті қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде 4 746 465,4 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру үш көз есебінен жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен - 1 1126 668,0 мың теңге сомасында, Қарағанды облысы әкімінің резервінен - 699 989,0 мың теңге және облыстық бюджеттен - 2 702 579 мың теңге. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қажетті медициналық техниканы, дәрі-дәрмектерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алды, оған 3 244 400,5 мың теңге немесе 68,4% жұмсалды, немесе 68,4% - ын игерді.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы келесі іс - шараларды өткізді-жедел штаб ашылды; кейіннен Қарағанды облысының денсаулық сақтау ұйымдары бойынша қайта бөлу үшін дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу және сақтау үшін медициналық базалар айқындалды («Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ және Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК).

«Сарыарқа» ӘКК базасында дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры құрылды, онда қажетті дәрі-дәрмектердің бір жарым айлық қоры сақталған;

– Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында қуаты тәулігіне 4 500 тестке дейін ПТР – зертханалары құрылды, 2 533 төсекке арналған 34 инфекциялық стационар (оның ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі-121 төсек), 1 894 төсекке арналған 30 провизорлық стационар (оның ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі-32 төсек), - коронавирустық инфекцияны тіркеу жағдайларына карантиндік госпитальдар орналастырылды.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 8623 жұқтыру жағдайы тіркелген. Инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 0,4 (ҚР бойынша орташа-0,48) құрайды, 5 279 адам шығарылды, бұл жұқтырғандардың жалпы пулының 61,2% - ын құрайды, оның ішінде 640-ы, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар. 165 адамда ауру өліммен аяқталды, көп жағдайда бұл 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар.

Жұқтырғандардың азаюы есебінен төсек-орын жүктемесі 11,9% - ға дейін азайды, бұл республикалық деңгейден 10% - ға төмен. Реанимациялық төсектер 10,4% толтырылған (ҚР - 27%). 2020 жылдың 1 тамызына эпид тұрақтануына байланысты 37 госпиталь консервацияланды, 2 госпиталь жабылды («Турист» қонақ үйі мен ҚарМТУ базасында - 100 төсек), 5-уі жұмысын жалғастыруда.

Абай, Балқаш қалаларындағы ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерін, Теміртау, Шахтинск қалаларындағы пульмонология бөлімшелерін реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталуда.

«Төтенше жағдай мен карантиндік шектеулердің қолданылу кезеңінде коронавирустық инфекциямен күресті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитімен жалпы сомасы 1 100 793,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- қалпына келтіруге жататын қаржылық сомасы 2 671,9 мың теңге бұзушылықтар (Сәтпаев қ. ОА негізгі құралдарының артықтығы, Жезқазған қ. көпсалалы ауруханасының сатып алынған активтерін дұрыс қабылдамау);

- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 991 574,3 мың теңге (қаражат арнайы медициналық жабдықтау базасы КММ игерілмеген және денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстарына қайта бөлген);

- бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 106 537,5 мың теңге (Арнайы медициналық жабдықтау базасы КММ ведомствоаралық комиссия бекіткен сатып алынатын тауарлар тізбесінде көзделмеген жедел тесттерді сатып алуға шарт жасалды);

-8 бухгалтерлік есепті жүргізу және Мемлекеттік сатып алу саласындағы рәсімдік және жүйелі бұзушылықтар.

Жүргізілген шығындарды бағалау және талдау дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру кезінде аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар, проблемалар мен кемшіліктер орын алғанын көрсетті, атап айтқанда шығындарды жоспарлау, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнама рәсімдерінің елеулі кемшіліктері мен бұзушылықтарын көрсетті, бұл аудит объектілері лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптары мен ережелерін тиісінше сақтамауының салдарынан орын алған.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не  анықталған бұзушылықтарды және оларға ықпал ететін себептерді жою бойынша ұсынымдар берілді.

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 03 Желтоқсан 2020


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz