На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің хабарландыруы


Конкурстың барлық қатысушыларына жалпы біліктілік талаптар:

 

D-3 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы  21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының  2020 жылғы 10 қаңтардағы №3 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы         

 

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-3

141646,79

191508,09

 

 

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7212) 42-14-54, электрондық пошта: revcom_krg@krgrevcom.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  қаржы басқарылуына мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы (1 бірлік,  № 2-11, D-3 санаты).

Функционалдық міндеттер: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шараларына қатысады; Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шаралары бойынша бөлім қызметіне қатысты бөлігінде материалдарды талдауды және жиынтықтауды жүргізеді; заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырады; Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, қаржы,  есеп және аудит, мемлекеттік аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); (Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы); Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін,  Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Қазақстан Республикасының Салық кодексi) кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетітк аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту туралы» Жарлығын,  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050»:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.1 қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Қарауға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе
«Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы қабылдау мерзімінде жіберілген құжаттар қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар  шақырылады,
сондай-ақ сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

1 қосымша

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

 (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________

________________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ______________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы ___________________________________________________

Байланыс телефоны:_____________________________________________

e-mail:  _________________________________________________________

ЖСН _________________________

_______________________________________________________________

        (қолы)                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

                                                                       «___»_______________ 20 __ ж.

 

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 06 Шілде 2020


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. просп.Нурсултана Назарбаева, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz