На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ MM хабарламасы


Конкурстың барлық қатысушыларына жалпы біліктілік талаптар:

 

D-5 санаты үшін:    Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы  21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы         

 

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-5

104191,09

140469,94

 

 

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  қаржы басқарылуына мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы - мемлекеттік аудитордың ассистенті (1 бірлік, №2-13, D-5 санаты).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік  аудит жүргізуге қатысу. Ішкі аудит қызметін қоспағанда, қызметтік куәлігі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тексеру тағайындау туралы актісін көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңының талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік аудит объектісіндегі тауар-материалдық запастарға және өзге де активтерге түгендеу жүргізу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңның 22-бабында көзделген құжаттарды қоспағанда, аудит барысында құжаттарды жасау және оларға қол қою; Құзыреті шегінде аудит объектілерінің бюджетке соманы өтеуі, жұмысты орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) анқыталған бұзушылықтар сомасын есепке алу, нұсқамаларды орындау және айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысады. Бөлімнің қызметіне қатысты бөлігінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың іс-шаралары жөнінде талдау жасайды және мағлұматтарды жинақтайды. Бөлімнің қызметіне қатысты талдамалық мағлұматтарды, соның ішінде есептерді, ақпаратты және өзге құжаттарды әзірлеуге қатысады. Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын жүзеге асыруға қатысады. Бөлім басшысына Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізеді және олардың орындалысы бойынша жұмыс жүргізеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті құқық қорғау және өзге органдарға табысталған мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мағлұматтары бойынша мониторинг және бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі:  Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, қаржы,  есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі. (Бухгалтерлік есеп және аудит саласында кәсіби білім); Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін,  Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Қазақстан Республикасының Салық кодексi) кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетітк аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту туралы» Жарлығын,  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050»:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш (нысан қоса берілді);

2) уәкілетті органмен бекітілген нысанда толтырылған 3х4 үлгідегі түрлі түсті суреті бар «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына азаматтар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттiк органы басшысының келісімі бойынша тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өткізілетін орынға бару және кері қайту, тұрғынжайды жалдау, тұру, байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалану) азамат өз қаражаты есебінен төлейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс  өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін

және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________              ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

       

 

 

 

http://chinovnik.kz/files/chinovnik/03499440015675673010409201941.docx

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 15 Қыркүйек 2019


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz