На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Жаңалықтар




«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама


Конкурстың барлық қатысушыларына жалпы біліктілік талаптар:

 

D-3 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

          жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6. ғылыми дәрежесінің болуы;

7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы         

 

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-3

123171,12

166528,77

 

 

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7212)42-14-54, электрондық пошта: revcom_krg@krgrevcom.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы (1 бірлік,  № 4-1, D-3 санаты).

Функционалдық міндеттер: Тиісті жылға Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларын жоспарлау бойынша жұмысын ұйымдастырады. Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау барысында қауіптерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Құзыреті аясында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша Бірыңғай дерек қорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Облыстық және жергілікті бюджеттердің ағымдағы және кейінгі бағалауының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Тексеру комиссиясының нұсқама тармақтарының және аудиторлық тұжырымда мазмұндалған ұсынымдардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысына өз құзыреті аясында мағлұматтардың, сонымен қатар талдамалық анықтамалардың, баяндамалардың, ақпараттың әзірленуін қамтамасыз етеді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне Тексеру комиссиясының қызметі туралы ақпараттың әзірленуін және ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы,  статистика менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару); Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін,  Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Қазақстан Республикасының Салық кодексi) кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетітк аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту туралы» Жарлығын,  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050»:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

_____________________________________________________________

________              ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

http://chinovnik.kz/files/chinovnik/00173320015598137130606201913.docx

Ақпараттың соңғы түзетілуі: 15 Қыркүйек 2019


Кері қайту

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz