На главную Размер шрифта: Уменьшить шрифт Увелчить шрифт Цвет сайта: белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст ↑ Наверх

Сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтауы бойынша түсіндіру


Мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауға байланысты мемлекеттік қызметшілердің (бұдан әрі – қызметшілер) ерекше жария-құқықтық мәртебесі осы адамдар санатына заңдарда белгіленген бірқатар арнайы шектеулер, тыйым салулар мен талаптар қойылады.
Орны мен уақытына қарамастан, қызметшінің мінез-құлқы шектеулерге, тыйым салулар мен талаптарға толық сәйкес болуы керек және олардың адалдығы мен парасаттылығына күмән тудыруы мүмкін әрекеттерге жол бермеуі тиіс екенін ескеруі қажет.
Басшылық лауазымдарды атқаратын қызметшілердің кәсіби қызметі, әдетте, жария сипатта болады, мұндай қызметкерлер оңай танылады, мемлекеттік органдармен тікелей байланысты болады, осыған орай қызметтен тыс уақытта да қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын өзіне аударады.
Басшылық лауазымдарды атқаратын қызметшілер өзінің жеке үлгісімен бағыныштылардың мінез-құлық қағидаларын қалыптастырады.  Атқаратын лауазымына қарамастан, қызметші өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасамауы тиіс екенін есте сақтауы қажет.
Қызметшіге қандай да бір әрекет жасағанға дейін қызмет бойынша әріптестерінің оны қалай қабылдайтынын және олардың кәсіби кеңестерін тыңдау туралы ойлануға кеңес беріледі. Ақпаратты «Ғаламтор» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіне (бұдан әрі – Ғаламтор желісі), оның ішінде әлеуметтік медиаға орналастырған кезде жеке мақсатта осы мәселеге саналы және жауапты қарау қажет.
Қызметшінің лауазымдық мәртебесін тікелей немесе жанама көрсететін бейнелерді, мәтіндік, аудио-, бейнематериалдарды, егер бұл іс-әрекет қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты болмаса, орналастыруға жол берілмейді. Ғаламтор желісінде жарияланған ақпарат шексіз уақыт бойы шексіз тұлғалар тобына қол жетімді түрде қалуы мүмкін екенін есте сақтау маңызды. Мемлекеттік органның атынан ақпарат беруді және көпшілік алдында жариялауды осындай ақпаратты жариялауға және беруге уәкілетті тұлғалар ғана жүзеге асыруға құқылы.
Қызметші өзінің әдепсіз іс-әрекеті, оның ішінде қызметтен тыс уақытта жасалған іс-әрекеті оның беделіне, мемлекеттік органның беделіне және жалпы мемлекеттік қызметке зиян келтіруі мүмкін екендігін есте сақтауы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қызметшіге лауазымдық міндеттерін атқару кезінде негізгі моральдық-этикалық құндылықтарды басшылыққа алу ұсынылады.
Қызметші лауазымдық міндеттерін атқару кезінде және қызметтен тыс қарым-қатынастарда іс-қимылының парасаттылығына күмән тудыруы мүмкін қандай да бір іс-әрекеттерге және сол арқылы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғам сенімінің бұзылуына  жол бермеуі тиіс.


Қарағанды облысы бойынша тексеру
комиссиясының мүшесі,                   
әдеп жөніндегі уәкіл
А. Таханов
 


 


Ақпараттың соңғы түзетілуі: 21 Желтоқсан 2018 09:49
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
  • 100 нақты қадам 100 нақты қадам
© Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 Мағлұматтарды қолдану барысында ақпарат көзіне сілтеме міндетті
© Әзірлеу және қолдау 2017: Creatida Ғаламтор-компаниясы
Яндекс.Метрика
Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 39, 3-қабат
Анықтама үшін телефон
8 (7212) 42-07-09
Электрондық пошта
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz